«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астанада Құрылықтық хоккей лигасы мен «Барыс» хоккей клубы арасында 2018 жылғы Хоккей жұлдыздары апталығын өткізу туралы келісімге қол қойылды.

«Бұл өте маңызды оқиға. Астана бұл құқықты ашық әрі әділ күресте жеңіп алды. Бұл бір қарағанда, өте күшті бәсекелестер арасынан олимпиада қаласын таңдап алу принципіне қатты ұқсайды», – дейді ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко Астанадағы баспасөз-конференциясында.

Ол Астананың бірауыздан таңдалғанын және бұл жерде оның «айтулы инфрақұқрылымы» шешуші рөл ойнағандығын атап айтты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орасан үлкен шоу Астанада 2018 жылғы қаңтардың 10 мен 14 күндері аралығында өтеді. Оның форматы Әйелдердің хоккей лигасының Жұлдыздар матчы, Жастардың хоккей лигасының Жекпе-жек кубогы және Құрылықтық хоккей лигасының Жұлдыздар матчы, оның ішінде шеберлікшоуы түрінде ойластырылған.