«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден ҚР Кубогы өтеді. Ойын 18 тамыз күні басталады және оған 10 команда қатысады.
«А» тобының командалары Қарағандыда ойнайды. Оның қатарында Көкшетаудың «Арлан» ХК, Рудныйдың «Горняк» ХК, Өскеменнің «Алтай-Торпедо» ХК, «Теміртау» ХК және петропавлдық «Құлагер» клубы бар. 

26 тамыз күні Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі төрелік етеді. Олардың арасында қазақстандық қана емес, шетелден келетін төрешілер бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Азия чемпионатында Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері төрелік етеді. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан шақырылып отыр.

Халықаралық дәрежедегі төреші Мақсат Ахметбековтың айтуынша, Қазақстан атынан Азия чемпионатында сегіз төреші төрелік етеді. Ал қалғаны өзге мемлекеттерден келеді.

Саламатты өмір салтын ұстану – заманауи қоғамның тренді. Алайда, тәніңді өз тонусында ұстап тұру арзанға түспейді. Табиғи өнім, дәрумен, спорттық жабдықтар мен спортзалға абонемент – мұның бәрімен ай сайын тұрақты түрде айналыссаң қаншама шығын болмақ. Астана әкімдігінің ресми сайты қалада тегін жаттығулардың қайда өтетінін, оның үстіне нұсқаушысы бар және спортзалға кететін абонементті қалай үнемдеуге болатынын айтады.

Астанада осымен үшінші жыл қатарынан мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын барлық үміткерлерге арналған тегін спортпен айналысу өтіп келеді. Тегін жаттығуда өз қалауыңды табу үшін жаның қалаған нәрсенің барлығын жасай аласың. Ендеше, сөмкеге формаңызды салыңыз да – алға!

Жазғы Азия ойындарына Қарағанды облысының 34 спортшысы қатысады. Олар 10 спорт түрлері бойынша сайысады.

Қарағандылықтар грек-рим күресі, әйелдер күресі, велоспорт, синхронды жүзу, самбо, жаеңіл атлетика, академиялық есу және дзюдо бойынша сайысқа түседі. Сондай-ақ Азия ойындарының тарихында бірінші рет біздің спортшылар тауға өрмелеу және джиу-джитсу бойынша бақ таластырады. 
Азияның басты сайысында Қарағандыны грек-рим күресі бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері, 2014-ші жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ерұлан Ысқақов пенәйелдер күресі бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2016-шы жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова таныстырады. 

Бүгін «Қазақ елі» монументінің алаңында зағип және көзі нашар көретін велосипедшілердің қатысуымен Blind Race Astana – Paris халықаралық веломарафоны басталды. Марафон «Шекарасыз спорт» жобасы аясында өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

6 – аталмыш марафон үшін ерекше цифр. Жолға 16 адамнан тұратын команда шықты, оның 6-уы – зағип және көзі нашар көреді.

Қатысушылар 6 мың км жолды жүріп өтеді және 6 елді қамтиды, оның ішінде Ресей, Беларусь, Польша, Германия бар. 

 «Біз мұны мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндігі шексіз екендігін көрсете отырып, әркімнің өмірде өз жолын таңдауына болатынын түсіндірмекпіз. Біздің команданың ұраны – «Мақсатың болса – кедергілер ештеңе емес», - деді «Шекарасыз спорт» жобасының басшысы Бахтияр Базарбеков. 

Оның айтуынша, спортшылар жыл бойы дайындалған, дайындық тұрақты түрде жүргізілген.