«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогі өз мәресіне жетті.

9-13 қараша аралығында Ресейдің Сочи қаласында ерлер мен әйелдер және әскери самбодан өткен әлем чемпионатының соңғы күнінде Есет Қуанов Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду командасластарымен Испания біріншілігінің үздік сұрмергені боламын деп бәстесті. Бұл туралы Onda Cero радиосындағы El Transistor хабарында айтылды.

 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring TV арнасына берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісті. Соның ішінде ол орта салмақта барлық негізгі титулдың басын қосуды мақсат тұтып отырғанын жеткізді.

 

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов ирландиялық танымал спортшы Конор МакГрегордың командаласы Питер Куиллимен октагонға шығады. Бұл туралы MMA Fighters KZ хабарлады.