«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 12-18 қарашада болатын мәдени және спорттық шаралардың тізімін ұсынады. Тәуелсіздік сарайында 12-30 қараша аралығында «Астана – жастар болашағы» елордалық Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі мен «Ақанаевтар династиясының» жеке көрмесі өтеді. 12 қарашада сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр мемлекеттік академиялық театры дайындаған «Астана» спектаклі көрсетіледі. 

14 қарашада сағат 19:30-да «Барыс Аренада» КХЛ чемпионатының шеңберінде «Барыс» ХК – «Амур» ХК командаларының арасында ойын өтеді.  14-15 қарашада Тәуелсіздік сарайында сағат 19:00-де «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі өтеді. 14-19 қарашада сағат 10:00-де «Сарыарқа» велотрегінде велотрек бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты өтеді. 15 қарашада сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Халық әртісі Роза Бағланованы еске алуға арналған «Сағындым,апа, даусыңды» атты концерт болады.  «Астана Арена» стадионында сағат 21:00-де УЕФА ұлттық лигасының футбодан іріктеу матчы өтеді. Қазақстан мен Латвия ойнайды. 15-16 қарашада сағат 11:00-де «Алау» мұз айдынында «2018-2019 жж. көпсайыс бойынша қысқы маусымның ашылуы» конькимен жүгіру спорты бойынша жарыс өтеді. 16 қарашада сағат 19:30-да КХЛ чемпионаты шеңберінде «Барыс» ХК – «Динамо» ХК (Мәскеу) командалары арасында матч өтеді. Ал Ж. Жабаев атындағы (ҚазҰӨИ) концерт залында сағат 20:00-де оңтүстіккореялық композитор және пианист Shin Jiho көптен күткен концертін ұсынады. 16-17 қарашада сағат 10:00-де «Думан» СОО көркем гимнастикадан Астана чемпионаты болады. 17 қарашада сағат 19:00-де Конгресс-ситиде ресейлік эстрада жұлдызы Иван Дорнның концерті өтеді. 18 қарашада сағат 17:00-де «Барыс Аренада» КХЛ чемпионаты аясында «Барыс» ХК – «Салават Юлаев» ХК командалары арасында ойын өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/16566