«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

7-9 қыркүйек күндері Елорда жұртшылығын орасан зор спорттық шоу күтеді. Осы үш күн аралығында Астана қаласында стритболдан FІВА 3х3 Asia Quest Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аталғандодағаәлемнің 13 еліненспортшыларқатысады. Барлықіс-шара «ЕХРО»-ғақарсыорналасқан «MEGA Silk Way» ОСО-ныңмаңындағыалаңдаұйымдастырылады.

Стритболдан FIBA 3*3 Asia Quest АзиячемпионатыАзияқұрлығындағыеңбастыспорттықшара. Турнирде жүзден жүйрік атанып, жеңіске жеткен қатысушы 13-14 қазан Малайзияның астанасында жалауын көтеретін World Tour Kuala Lumpur Masters 2018 халықаралық турнирінде бақ сынауға мүмкіндік алады. Астанада өтетін бұл байрақты бәсекеге Азияның алты өңірінде іріктеуден өткен әлемнің 13 елінен 130 спортшы қатысады деп күтілуде. Сынға түсетін 32 команданың бесуі Қазақстан өкілдері. Аталған турнир әлемнің 10-нан астам елінде тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Стритболдан Азия чемпионаты Қазақстан стритбол лигасы (SLK) мен Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA 3Х3) ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен өткізілгелі отыр. SLK қазіргі таңда елімізде стритбол мәдениетін дамытумен белсенді айналысып келе жатқан бірден-бір ұйым.

Турнирдің жүлде қоры 32 000 АҚШ доллары.

«Аталған турнир біздің жастарға өз ісіне ұқыптылықпен қарай отырып, аянбай жаттығар болса, кәсіби спортшылар сияқты ойнауға болатындығын көрсетуге мүмкіндік береді. Біз қазақстандық спорт сүйер қауымның елімізде ойынның үздік деңегейін көрсете алатын нағыз стритбол шеберлерінен құралған командалардың барын көрсе дейміз», - дейді SLK атқарушы директоры Жомарт Асенканов.