«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Нұржан Сейдуали джиу-джитцудан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін 56 келі салмақ дәрежесіне дейінгі кездесуде 24 жастағы қарағандылық өзбек спортшысы Ақмал Әміровті 4:2 есебімен жеңді. 
Бұған дейін Нұржан Сейдуали филиппиндық Ян Винсет Кортеске мүлдем мүмкіндік бермей 100:0 есебімен және индонезиялық Вахью Хидаят Хандоконы да 100:0 есебімен тізе бүктірген еді. Алайда Түркімен атлеті Кемал Мередовқа 0:2 есебімен және БАЭ спортшысы Халид Альбушиға 0:5 есебімен ұтылды. 


Бұл медаль Қазақстан үшін жалпы көрсеткіште 30-шы, қола медальдар бойынша 20-шы болды. 
Нұржан Сейдуали – 2017 жылдың әлем чемпионы, «Grand Slam Paris» және «Thailand Open World Ranking» халықаралық турнирлерінің жеңімпазы, 2018 жылдың Азия чемпионы. 
Дене тәрбиесі және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша дайындалды.