«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда 7-9 қыркүйек аралығында триатлон бойынша ҚР Кубогының үшінші кезеңі өтеді
Біріншілікке Қазақстанның 5 аймағынан – Астана, Алматы, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облысынан 200-ден астам адам қатысады. Біздің өңір намысын 80 спортшы қорғайды, оның ішінде сегіз адам ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі. Жарыс Elite, U23, Age Group санаттағы спортшылар арасында өтеді.

8 қыркүйке күні Elite, U23, Age Group санатындағы спортшылар шығады. 9 қыркүйек Age Group санаты үшін сайыстар өтеді. Стандартты (олимпиадалық) қашықтық 1500 м (суда жүзу) +70 шақырым, +10 км (жүгіру) құрайды.

Жүзу кезеңі үшін сөре орны – Қарағанды орталық саябағындағы жағажай (құтқару пунктінің жанында), 1500 метр еркін стильде, екі айналым 750 метрден сағат тіліне қарама-қарсы. 
Вело-кезең – 40 шақырым, 6666 метрден алты айналым. Орталық саябақтағы транзиттік аумақақ жақын жердегі велосипедке отыратын сызықтан басталады, ары қарай Жауынгер-интернационалистер және Чкалов көшесімен жүреді. 
Жүгіру кезеңі – 10 км, 3333 метрден үш айналым, Қарағанды орталық саябағы. 
Марапаттау орталық демалыс және мәдениет саябағының транзиттік аумағы жанында басты сахнада өтеді. 
Жарыстың бас төрешісі: Кобзев Сергей Геннадьевич – Қазақстан Республикасының триатлоннан Ұлттық санаттағы төрешісі.
Бас хатшы: Коретниченко Роман Александрович.