«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден ҚР Кубогы өтеді. Ойын 18 тамыз күні басталады және оған 10 команда қатысады.
«А» тобының командалары Қарағандыда ойнайды. Оның қатарында Көкшетаудың «Арлан» ХК, Рудныйдың «Горняк» ХК, Өскеменнің «Алтай-Торпедо» ХК, «Теміртау» ХК және петропавлдық «Құлагер» клубы бар. 


«Б» тобына Астананың «Номад» ХК, Атыраудың «Бейбарыс» ХК, «Алматы» ХК, Павлодардың «Ертiс» ХК және «Астана» ХК енді. Бұл командалар Көкшетауда кездеседі. 
Қарағандыда алғашқы ойын «Горняк» пен «Арлан» командалары арасында өтеді. Олар 18 тамыз сағат 14:00-де ойнайды. Осы күні мұз айдынына «Теміртау» мен «Алтай-Торпедо» командалары шығады. 
19 тамыз 18:00-де жеңіс үшін «Горняк» пен «Құлагер» тартысты ойын көрсетеді. Ал 20 тамыз 15:00-де «Арлан» «Алтай-Торпедоға» қарсы ойнайды. 19:00-де «Теміртау» және «Құлагер» командалары күш сынасады. Сейсенбі, 21 тамыз «Теміртау» мен «Горняк» арасында ойын өтеді. Келесі күні, яғни 22 тамыз сағат 15:00-де «Арлан» және «Құлагер» командалары өзара мықтыны анықтайды. Ал 19:00-де жанкүйерлер «Алтай-Торпедо»-«Горняк» арасындағы ойынды тамашалайды.23 тамыз, бейсенбі 15:00-де «Құлагер» мен «Алтай-Торпедоның» арасында тартыс өтеді. 19:00-де «Теміртау» «Арланға» қарсы ойнайды. 
Плей-офф та Қарағандыда 25 тамыз күні өтеді. 14:00-де 3-4 орындар үшін командалар бақ сынасады. 18:00-де 1 және 2 орындар жеңімпаздары анықталады.