«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Жазғы Азия ойындарына Қарағанды облысының 34 спортшысы қатысады. Олар 10 спорт түрлері бойынша сайысады.

Қарағандылықтар грек-рим күресі, әйелдер күресі, велоспорт, синхронды жүзу, самбо, жаеңіл атлетика, академиялық есу және дзюдо бойынша сайысқа түседі. Сондай-ақ Азия ойындарының тарихында бірінші рет біздің спортшылар тауға өрмелеу және джиу-джитсу бойынша бақ таластырады. 
Азияның басты сайысында Қарағандыны грек-рим күресі бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері, 2014-ші жылы өткен 17-ші жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ерұлан Ысқақов пенәйелдер күресі бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2016-шы жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова таныстырады. 


Қарағанды облысының бес спортшысы синхронды жүзу бойынша құрамаға енді, команда мүшелерінің қатарында – Олимпиада ойындарына қатысушы апалы-сіңлілі Александра және Екатерина Немичтер болады. 
Велоспорт бойынша сайыстарға Азия Чемпионаттарының жүлдегерлері, Республикамыздың ұлттық құрамасының көшбасшылары, халықаралық санаттағы спорт шеберлері Роман Василенко мен Богдан Рудер қатысады. 
2015-ші жылғы Әлем чемпионы, самбо бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері Қанжанов Бейімбет пен Азия чемпионы Бағлан Ыбраһым Азиадада 52 келі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығады. 
Алғаш рет Азия ойындарына спорттық тауға өрмелеу енгізілді. Қазақстан құрамасының қатарында бұл спорт түрі бойынша біздің облыстан үш спорт шебері қатысады - Алексей Молчанов, Әлішер Мұрат және Алина Мотевосян. Олардың барлығы ҚР чемпиондары болып табылады. 
Сондай-ақ сайыс бағдарламасына алғаш рет джиу-джитсу бойынша жарыстар енгізілді. Қарсыластармен Қарағанды облысының өкілдері 2017-ші жылғы Әлем чемпионы Нұржан Сейдуәлі 2018-ші жылғы Азия чемпионы Олжас Нұртақанов кездеседі. 
Академиялық есу бойынша ел құрамасына біздің облыстан 8 спортшы енді. 
Дзюдодан үш палуан өнер көрсетеді: 2010 жылғы Азия ойындарының жүлдегері, халықаралық санаттағы спорт шебері Ислам Бозбаев, Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысушы, Азия Чемпионатының жүлдегері Жансай Смағұлов және жастар арасынада Азия жүлдегері, жоғары салмақ иегері Санжар Жабборов. 
Алдын ала болжамдар бойынша, қарағандылықтар түрлі дәрежеде 18 медаль ұтып алулары мүмкін.
Азия ойындары, басқаша айтқанда Азиада, әр төрт жыл сайын Азия елдерінің атлеттер арасында өткізіледі. Сайыстар 1951-ші жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Он сегізінші Азия ойындары Джакартада және Палембангте, Индонезияда 2018-ші жылдың 18-ші тамызынан 2-ші қыркүйегіне дейін өтеді.