«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін «Қазақ елі» монументінің алаңында зағип және көзі нашар көретін велосипедшілердің қатысуымен Blind Race Astana – Paris халықаралық веломарафоны басталды. Марафон «Шекарасыз спорт» жобасы аясында өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

6 – аталмыш марафон үшін ерекше цифр. Жолға 16 адамнан тұратын команда шықты, оның 6-уы – зағип және көзі нашар көреді.

Қатысушылар 6 мың км жолды жүріп өтеді және 6 елді қамтиды, оның ішінде Ресей, Беларусь, Польша, Германия бар. 

 «Біз мұны мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндігі шексіз екендігін көрсете отырып, әркімнің өмірде өз жолын таңдауына болатынын түсіндірмекпіз. Біздің команданың ұраны – «Мақсатың болса – кедергілер ештеңе емес», - деді «Шекарасыз спорт» жобасының басшысы Бахтияр Базарбеков. 

Оның айтуынша, спортшылар жыл бойы дайындалған, дайындық тұрақты түрде жүргізілген. 

 «Біз спортпен үш жылдан бері айналысып келеміз, таңғы сағат 4 пен 5-те тұрамыз, себебі, жаттығуға уақыт табу қиын. Шараны ұйымдастырушыларға көп рахмет, олар бізді қолдап, жеңіске рухтандырды. Меніңше біз жерге қаратпаймыз және туымызды Парижде мақтанышпен көкке көтеретін боламыз», - деп жалғастырды Б. Базарбеков.   

Велосипедшілер командасы үшін – бұл үшінші марафон. Мұның алдын олар тек Алматы мен Ыстықкөлді ғана қамтыса, бұл жолы спортшылар ірі қалаларды айналып өтпек, яғни Мәскеу, Минск, Варшава, Берлин, Франкфурт-на-Майне және Париж. Олар жарысты 8 қыркүйек күні аяқтайды. 

Велосипедшілерді қолдауға қоғамдық қызметкерлер де келді. ҚР қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын жобаның маңыздылығын мойындап, спортшыларға ұзақ та сәтті сапар тіледі, ал астаналық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин рухы мықтыларға алғыс білдіре отырып, оларды осындай қадам жасауымен өзге азаматтарға да ерлік жасауға мотивация беріп жатқанын айта кетті. 

Айта кетейік, веломарафон мотивациялық платформа құруға бағытталған және өзге елдердің қоғамдық бірлестігімен тәжірибе алмасудағы патриоттық бастамасы. Ол «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Анашым» зағип бойынша мүгедек – балалар мен жастарды қолдау қорының қазақстандық «Ел Тірегі» шағын және орта бизнес қауымдастығымен бірлесе іске асырылуда. 

 «Қалалық «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп біз жобаны бірден қолдап, іске асырдық. Веломарафонды өткізу мүмкіндігі шектеулі жандарға тең жағдай жасап, қоғамдық стереотипті өзгерту. Сонымен бірге, қатысқысы келетін әрбір адам марафонның маршрутына сәйкес қосыла алады. Меніңше бұл өте маңызды жоба, себебі қатысушылардың рухы өте мықты адамдар. Олар алда 36 күн бойы велосипедпен жүріп өтеді. Мұндай жобалар өзгелерге үлгі болмақ», - деді Данияр Есин. 

Веломарафон тек астана әкімдігі мен «Нұр Отан» қоғамдық партиясы тарапынан ғана емес, ҚР қоғамдық даму министрлігі, «А. Винокуров атындағы спортты дамыту және қолдау», ҚР паралимпиялық комитеті, Қазақстан Республикасы спорт велосипеді федерациясы және «Ел тірегі» шағын және орта бизнес қауымдастығы қолдап отыр.   

Бүгінде астанада 23 мыңнан астам ерекше күтім қажет ететін адам тіркелген. Мүгедектер үшін кедергісіз орта құру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы әкімдік тротуарларға 200 пандус орнатып, яғни 100 шаршы метрге дауысты сигнал құрылғысы мен жаяу жүргіншілер жолында вибросигналмен шақыру үшін 300 табло орнатты. 

Қалада жолаушылар тасымалы операторларында 1158 жылжымалы құрам бар. Оның 742 автобусында отырғызуға ыңғайлы болу үшін және арбада отырған мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды түсіруге арналып жабдықталған. 145 астаналық кәсіпкер оның ішінде «Гиппократ» дәріхана желісінің иесі, «Цесна» холдингі, «Тайқазан» асхана желісі өз объектілерін мүгедектерге бейімдеуге келісті. 

Бұл мемлекеттік қолдау ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің де мүддесімен іске асырылуда. 

Осы және басқа да шаралар елордалық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Астана – рухы мықтылар қаласы» кешенді бағдарламасымен біріктіріліп, іске асырылды. Бұл жоба сыртқа аз шығатын қалалықтар үшін кедергісіз орта құруға бағытталған және олардың өміріне жағдай жасап, өзге адамдармен тең етуді қамтамасыз етеді.