«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ережелеріне бірқатар өзгерту енгізді. Бұл ережелер келесі маусымнан бастап атқарылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Матчтардың басталу уақытына қатысты өзгертулер: Жаңа маусымнан бастап Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф ойыны, топтық кезең матчтары, 1/8 финал, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық кездесулер Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

 

Сонымен қатар топтық кезең ойындарында әр сейсенбі және сәрсенбі күндері екі кездесу Орталық Еуропа уақыты 18:55-де (Астана уақыты 22:55) басталады.

 

Ал топтық кезеңнің ең соңғы айналымы аясындағы матчтар бірдей уақытта басталады. Нақты уақытын UEFA белгілейді.

 

Еуропа лигасының ойындары топтық кезеңнен бастап 1/8 финалға дейін Орталық Еуропа уақыты (CET) сағат 18:55 (Астана уақыты 22:55) және 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

 

Нақты қай ойынның қашан өтетіні жеребе арқылы анықталады.

 

Ал ширек финалдан бастап ойындардың барлығы 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

 

UEFA Суперкубогы үшін өтетін матч Орталық Еуропа уақыты 21:00-де (Астана уақыты 01:00-де) басталады.