«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткізетін кездесуі алдындағы бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kzпорталына сілтеме жасап.

 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, Альварес 9-наурыз күні тағы бір допинг-текстін тапсырыпты. Бірақ бұл жолы Сан-Диего қаласында. Оның қорытындысы сейсенбі күні шығып, ешқандай дәрумен табылмаған.

"Мен жүз пайызға бірінші допинг-сынақтың оң нәтиже берген кездейсоқ екеніне сенімдімін", - деп келтіреді Гоместің сөзін ESPN телеарнасы.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Екі боксшының допинг-сынақтарын VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.

Еске салайық, Канелоның" бірінші допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6-наурыз күні шықты. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Кленбутерол дәрумені екі бірдей допинг-тесттен оң нәтижесін берді ол кезде.

9-наурыз күні мексикалық боксшының тағы екі допинг-сынамасының қорытындысы шығып, оның нәтижесінде боксшының қанына кленбутерол және басқа дәрумендер табылмады.