«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес кезекті тестен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

 

Айта кетейік, 17 және 20 ақпанда "Канелоның" екі сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған болатын. Осыдан кейін Альварес Мексикада жүргенде 3 және 5 наурыз күндері қосымша тестер тапсырған, екеуінен де допинг табылмаған. 

Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, 9 наурызда АҚШ-та мексикалықтан кезекті рет сынама алынған. Одан да қандай да бір тыйым салынған зат табылмапты.

 

Альварес 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкинге қарсы реваншқа дайындалып жатыр.

 

"Тестердің оң нәтиже көрсетуі кездейсоқ екеніне 100% сенімдімін, жекпе-жек өтеді", — деп атап өтті Гомес.