«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

2017 жылдың қыркүйек айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үркер» тұрғын үй алабында «Нұрал» спорт мектебі ашылған. Қазіргі таңда спорт мектебі толыққанды жұмыс жасап тұр, жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Нұрал» спорт мектебінде шығыс жекпе жек залы, күрес залы және жаттығу залы бар. Бұл мектепте киокушинкай каратэ, дзюдо, бокс, қазақша күрес секілді спорт үйірмелері жұмыс істеуде. Жалпы алғанда спорттың жеті түрінен үйірме жұмыс жасап тұр. Болашақта шахмат және тоғызқұмалақ үйірмелері ашылмақ.

«Спорт мектебі 2017 жылдың қыркүйек айында ашылды. Ильинка тұрғын алабындағы балаларға арналған жалғыз спорт кешені. Қазіргі кезде мектебімізде үш жүзге тақау бала спорттың жеті түрімен айналысады және аз қамтылған отбасы балалары үйірмелерге тегін қатысады. Қазіргі күні 15 балаға сондай мүмкіндік жасап отырмыз. Оның өзіндік тәртібі бар. Ашылғанымызға көп уақыт болмаса да ақырындап жақсы жетістік көрсетіп жатқан спортшыларымыз бар», - дейді «Нұрал» спорт мектебінің директоры Сайрамбек Әбілқайыров.

Елін сүйген ел азаматтары жастарға осындай қамқорлық жасап, спортқа баулып, тәрбие беріп, болашақ спорт шеберлерін тәрбиелеуде. Кім біледі, бүгін осы мектепте спортпен айналысып жүрген оқушылар ертең қазақ елінің атын айдай әлемге танытар, Олимпиада чемпионы болар. Ол спорттың қара қазанында қайнап жүрген әр баланың, әр жаттықтырушының арманы. Армандары орындалсын.

серiктестер

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР