«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Словения астанасы Люблянада футзал бойынша Еуропа чемпионатының ширек финалдық соңғы ойыны өтті.

Ойын соңында жартылай финалистер белгілі болды. Испания құрамасы Украина командасын 1:0 есебімен ұтты.

Футбол кезеңінің 18-ші минутында испандық шабуылшы Пола қарсылас команданың қақпасына бір гол соқты.

Осылайша, жартылай финалға бірінші боп шыққан Қазақстан құрамасы испандық командамен 8-ші ақпан күні ойын өткізеді. Біздің команда бұған дейін 1/4 финалда 3:1 есебімен Сербия құрамасын жеңген болатын.