«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

"Хабар" телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Қазақстан – Сербия матчын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 

Кездесу 5 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алып, ширек финалда Сербиямен кездеседі.

 

Бұл құрамалар екі жыл бұрын Еуропа чемпионатының үшінші орынға талас матчында кездескен еді. Сол ойында Какау шәкірттері серб футзалшыларын 5:2 есебімен ұтқан болатын.



Дереккөзі: alashainasy.kz