«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм әлем назарына өзінің футбол командасын таныстырды.

Futbol Miami деп аталатын жаңа құрама келешекте америкалық MLS лигасында өнер көрсететін болады.

Клубтың Майамиде өткізілген презентациясында Бекхэм бұл команда лигадағы үздіктер қатарында болатындығына уәде берді. Оның сөзінше, аталмыш команданың намысын қорғауға бүгінде жоғары деңгейдегі футболшылар да дайын отыр.

Ресми деректерге сүйенсек, клубтың алғашқы матчы 2020 жылға жоспарланған. Бұдан бөлек, презентация барысында Дэвид мырза алдағы уақытта жеке футбол академиясын құруға да бет бұратындығын жеткізді.