«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Каталониялық «Барселона» футбол құрамасы команданың ардагер ойыншысы Хавьер Маскераноның клубтан кететіндігін мәлімдеді.

Клубтың ресми сайты «Барса» командасы футболшымен 24-ші қаңтар күні қоштасатындығын хабарлады. Бұл іс-шарада құраманың барлық ойыншылары және клуб президенті Жозеп Бартомеу де болады деп жоспарланған.

Бейсенбі күні «Барселона» футболшылары Испания Кубогында «Эспаньол» құрамасына қарсы ойын көрсету барысында Маскерано «Камп Ноу» стадионында жанкүйерлерімен қоштаспақ.

БАҚ ақпараттарына сүйенсек, алдағы уақытта Хавьер Маскерано қытайлық "Хобэй Чайна Форчун" клубының ойыншысы атанады.

Естеріңізге сала кетейік, Хавьер каталониялық клуб сапында 2010 жылдан бері ойнап келген. Сол уақыттан бері ол барлық турнирлерде командамен бірге 334 матч өткізді.