«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

 

2002 жылдың әлем чемпионы, «Барселона» және «Милан» құрамаларының бұрынғы ойыншысы, аты аңызға айналған бразилиялық үздік футболшы Роналдиньо кәсіби спорттық мансабын аяқтаймын деп шешті.

Толық аты Роналдо де Ассис Морейраның соңғы өнер көрсеткен футбол клубы бразилиялық "Флуминенсе" болды. Бұл құрама сапында 37 жасар спортшы соңғы рет 2015 жылы ресми матчта футбол ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, атақты футболшы 1980 жылы Порту-Алегри қаласында дүниеге келген. Ол жеті жасынан бастап футболмен айналыса бастаған. Клубтық мансабы барысында 441 матч өткізіп, 167 рет гол соққан.

Рональдиньо 2002 жылы Бразилия құрамасы сапында болған уақытта әлем чемпионы атанды. Екі рет Испания чемпионатын және бір рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Бұдан бөлек, 2005 жылы футболшылардың ең үлкен марапаты саналатын «Алтын допты» да иеленді.