«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бразилияның атақты футболшысы Кака футболдағы кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы ол Twitter-дегі аккаунтында мәлімдеді.

Жартылай қорғаушы есебінде футбол ойнаған «Каканың» толық есімі - Рикарду Изексон дус Сантус Лейти. Ол 2002-2016 жылдар аралығында Бразилия елінің футбол құрамасында 92 матч өткізіп, 29 гол соққан шебер ойыншы.

Футболдық мансабы барысында Кака америкалық «Орландо Сити», испаниялық «Реал», италиялық «Милан» және бразилиялық «Сан-Пауло» құрамаларының сапында да өнер көрсеткен. Италия және Испания чемпионаттарында жеңімпаз болды. 2002 жылы Бразилия құрамасының сапында әлем чемпионы атанды. 2007 жылы чемпиондар лигасында «Милан» құрамасымен бірге жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, ол 2007 жылы «Алтын доп» иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, сол уақыттан кейін футболдың басты марапаты саналатын «Алтын допты» португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси ғана алды.

Әзірше Кака өзінің алдағы жоспарлары туралы нақты хабарлаған жоқ. Бірақ осыған дейін футболшыға италиялық «Милан» футбол клубы директор болуға ұсыныс жасаған болатын.