«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Астана қаласында жекпе-жек өткізеді.

QAZAQ Team компаниясы елордамыздың 20 жылдық мерейтойына байланысты бокс сүйер қауымға арнап үлкен сый жасамақшы. Бұл ұйым Қанат Ислам бастаған бір топ спортшылармен бірге бокс кешін ұйымдастырмақ. Әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемелері бойынша бокс кеші 2018 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Ал бұл бокс кездесуіне дейін отандасымыз Қанат Ислам жоспар бойынша Америкада 1 жекпе-жек өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін WBA дүниежүзілік бокс қауымдастығы Қ.Исламның келесі қарсыласы ретінде америкалық Джон Вераны бекіткен болатын. Олар алдағы уақытта бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күш сынасатын болады.