«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

"Барселона" Испания чемпионатында сырт алаңда "Леганеске" қарсы өткізген ойынында Жерар Пике мен Луис Суварестің алған сары қағаздарына қарсы апелляция түсірді. Бұл мәліметті клуб Football Espana басылымына берген пікірінде растады.

 

12-ші тур ойынында каталондықтар 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Суарес дубль тіркесе, тағы бір голды Паулиньо соққан.

 

Пике сары қағазды 29-шы, ал Суарес 53-ші минутта алған болатын. "Барселонаның" қалған ойыншылары бұл ойында жазаланбады.

 

Бұл Пикенің осы маусымдағы бесінші сары қағазы және ол "Валенсияға" қарсы өткізетін келесі матчқа қатыса алмайды, Суарестің болса үш сары қағазы бар.

 

"Ундиано Мальенко қол қойған төрешінің рапорты бойынша, Пике "допқа иелік еткен қарсыласты ұстап алғаны үшін" сары қағаз алған, ал Суарес "қақпашыға допты ойынға қосуға кедергі жасағаны" үшін жазаланған", - делінген "Барселонаның" ресми мәлімдемесінде.

Дереккөзі: alashainasy.kz