«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

7-9 қыркүйек күндері Елорда жұртшылығын орасан зор спорттық шоу күтеді. Осы үш күн аралығында Астана қаласында стритболдан FІВА 3х3 Asia Quest Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аталғандодағаәлемнің 13 еліненспортшыларқатысады. Барлықіс-шара «ЕХРО»-ғақарсыорналасқан «MEGA Silk Way» ОСО-ныңмаңындағыалаңдаұйымдастырылады.

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Нұржан Сейдуали джиу-джитцудан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін 56 келі салмақ дәрежесіне дейінгі кездесуде 24 жастағы қарағандылық өзбек спортшысы Ақмал Әміровті 4:2 есебімен жеңді. 
Бұған дейін Нұржан Сейдуали филиппиндық Ян Винсет Кортеске мүлдем мүмкіндік бермей 100:0 есебімен және индонезиялық Вахью Хидаят Хандоконы да 100:0 есебімен тізе бүктірген еді. Алайда Түркімен атлеті Кемал Мередовқа 0:2 есебімен және БАЭ спортшысы Халид Альбушиға 0:5 есебімен ұтылды. 

Қарағандылықтарды Спорт күніне арналған жаппай жүгіру шарасына қатысуға шақырады. 
Қазақстанда Спорт күнін тамыздың үшінші женксенбісінде атап өтеді. Биыл 19 тамызға белгіленді. Бұл күні барлық қалаларда жаппай жүгіру ұйымдастырылады. 
Қарағандыда барлық қызығушылық танытқан адамдарды орталық мәдениет және демалыс саябағына шақырады. Жиналу басты сахна маңында сағат 10.00-де. 

Қарағандыда 7-9 қыркүйек аралығында триатлон бойынша ҚР Кубогының үшінші кезеңі өтеді
Біріншілікке Қазақстанның 5 аймағынан – Астана, Алматы, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облысынан 200-ден астам адам қатысады. Біздің өңір намысын 80 спортшы қорғайды, оның ішінде сегіз адам ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі. Жарыс Elite, U23, Age Group санаттағы спортшылар арасында өтеді.

Қарағандыда ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден ҚР Кубогы өтеді. Ойын 18 тамыз күні басталады және оған 10 команда қатысады.
«А» тобының командалары Қарағандыда ойнайды. Оның қатарында Көкшетаудың «Арлан» ХК, Рудныйдың «Горняк» ХК, Өскеменнің «Алтай-Торпедо» ХК, «Теміртау» ХК және петропавлдық «Құлагер» клубы бар.