«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазіргі Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Әліп­пенің» түбіне жеткенімен тоқтамай, «Үштілділік» деген мәңгүрттік жобасымен қаруланып, ендігі жерде «Қазақ тілі», «Қазақ тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Ежелгі қазақ тарихы», «Шығыстану» (Е.Сағадиевтің түсінігінше, шығысты толық танып бітіппіз, енді тек батысты тануымыз ғана қалыпты), «Лингвистика» пәндерінің тамырына балта шаппақшы көрінеді. Бұл ақпарат шындыққа айналса, бұл кісіні қызметінен алу былай тұрсын, тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін барлық қатаң тәртіппен жауапқа тарту керек! Өйткені, білім саласының қазіргі өзгерістері Ата Заңымыз – Конституциямыздың негізгі шарттарына қарсы-қайшы келе бастады: біріншіден, азаматтардың таңдау құқын бұзды; екіншіден, мемлекеттік тілдің мәртебесіне қол сұқты, үшіншіден, ұлттық мүдде­лері­мізге кесірін тигізді. Бәлкім, осы себептен, бұл мәселені Конс­титуциялық соттың құзырында қарау керек шығар...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Инвестиция және даму комитеті департаментінің басшы Чинь Юйцай бастаған делегациямен кездесті. Тараптар басқосуда өзара экономикалық байланыс жайында әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді.

 

28 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана қаласы әкімінің есептік кездлесуіне қатысып, сөз сөйледі. Ол қатысушыларға есептік кездесудің маңызды екенін және осы жылы елорданың 20 жылдығы болғалы жатқанын айта кетті.

Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен НАТО-ның басшылығына келуі ықтимал.