«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

4-24 тамыз аралығында еліміздің 14 облысында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театрлардың директорларымен және көркемдік басшылармен кездесті.

Дүйсенбі, 29 мамыр күні түстен кейін Таразда қатты дауыл соқты. Күшті жел ағаштар мен құрылыс конструкцияларын құлатып кетті. Бұл туралы instagram желісінде жазуда, деп хабарлайды KazDala.kz.
13-ші шағын ауданда құлаған бағананың астында қалған екі құрылысшы қаза тапты. Желіде осы екі адамның денесі көрінетін бейнежазба пайда болды.
Куәгерлердің айтуынша, қаланың біраз көшелерінде жарық сөніп қалып, бірнеше жол қиылысындағы бағдаршамдар істен шыққан.
Және ТЖД-нен болуы мүмкін табиғи апат туралы хабар түспеген. Тек 30 мамыр күні қатты жел соғы мүмкін деген смс-хабарлама ғана таратылған.
Жамбыл облыстық ТЖД-нен келіп түскен хабарға қарағанда, қатты желден тағы да үш адам – екі әйел мен бір бала зардап шеккен. Желдің қуаты секундына 27 метрге жеткен.

2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі  Наурызбаевамен кездесті.

Басқосуда қос тарап өзара ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған екі жақты әрекеттестік мүмкіндіктер жайын әңгімеледі. Мұнымен қоса, басқосуда тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту мен зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша ақпарат беру тақырыптары көтерілді.

Кездесудің нәтижесі бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттістік туралы Меморандумға қол қойды.