«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы еліміздің 26 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын атады.

Дәйекшесі бар латын әліпбиінің орнына жаңа нұсқа қабылданғалы жатыр. Сондықтан ел апострофты әріптерді жаппай қолдануға асықпағаны жөн. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті шешім қабылданбай жатып, істі асықтырғандарды сынға алды. Спикердің сөзі негізсіз емес. Латын бойынша, жұмыс тобы тағы бір нұсқа әзірлеп, қаңтарда Үкіметке таныстырмақшы екен.

 

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасының Жол картасына нақты қандай міндеттемелердің енгізілетіні бүгін белгілі болды. Дәлірек айтқанда, құжатта 50-ге тарта өзгеріс жасалады.

 

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей сыртқы істер министрлігі тарапынан "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметі.

 

Кездесуге Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» компаниясының иесі Николас Кнауф және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты.