«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болып қайтты. Ұстаздар және студенттермен кездесу барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында қойылған міндеттер туралы айтылды. 
Қасым-Жомарт Тоқаев және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов оқушылар мен қызметкерлерге Қызмет көрсету орталығының жұмысымен және ЖОО жетістіктері көрмесімен танысты. Сонан соң Сенат спикері профессорлық-ұстаздар құрамымен, студенттермен, магистранттар және докторанттармен кездесті.
- Менің Қарағанды облысына жасаған сапарымның мақсаты – Президент Жолдауын түсіндіру. Сөз жоқ, жолдау әлеуметтік сипатқа ие. Сіздердің барлықтарыңыз осы маңызды, әрі тарихи құжатпен танысып шығып, Жолдаудағы негізгі қағидаларды жүзеге асыруға дайынсыздар деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев аудиторияға. 

Сенат төрағасы өз сөзін халықаралық жағдайдан бастады. 
- Әлемдегі жағдай екіұшты екенін білесіздер. Ол тұрақсыздықты анықтайтын түрлі сталкерлерге толы. Біз 70-80 жылдары куәгер болған суық соғыс халықаралық аренаға қайта оралып келе жатқан секілді, бірақ жаңа тұрпатта. Егер сол кездегі суық соғыс екі идеологиялық жүйенің өзара қастығысы болған болса, қазір сол секілді шекаралар толықтай жойылған, мемлекеттер бір біріне жаңа, өркениетті түрде қарсы келеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Ол Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі бола отыра, конфронтациялардың салдарын сезінетінін атап айтты. Жәнеде мемлекет ол салдарды жұмсарту үшін барлығын жасап жатыр. Ел Президенті халықаралық ареналарда татуластыру бастамаларымен шығады. 
Жастар қоғамның анағұрлым белсенді және мобильді бөлігі бола отыра, жаңа әлеуметтік шарттарға бейімделіп, қазіргі заманның бастамаларына ең үздік жауап бере алады, деп санайды Сенат спикері. 
Өз сөзінде ол цифрлау, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістерін енгізу, білім ортасының сапасын арттыру мәселелерін көтерді. 
Сенат төрағасының пікірінше, ЖОО-ның автономиясы артық бюрократиядан арылуға мүмкіндік береді. 
Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы реформаларға ойланып, барлығын өлшеп келген жөн деп санайды. 
- Осы секілді сынақтар аз болған жоқ, білім жүйесін былайша айтқанда ремормалармен құрықталып қалған. Сондықтан менің ойым осындай: реформалар қажет, бірақ олар ібден ойланып шешім қабылданған соң болуы тиіс, әйтпесе олардан зиян келуі мүмкін, - деді ол. 
Сенат спикері мектеп түлектері шет елдік ЖОО-на ағылып кетуіне қарсы нәтижелі шаралар қабылдау керек деп санайды. 
Білім жүйесі адами ресурстарды даярлау және дамытудың негізгі құралы, деп атап өтті ол. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур секілді елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеуге шақырды. Ол Ли Куан Юдің «Үшінші әлемнен – біріншіге. Сингапур тарихы (1965–2000)» кітабын оқуға кеңес берді. 
Сенат спикері ағылшын тілінің маңыздылығына да тоқтала кетті. Білімді жаңғыртудың тағы бір аспектісі – ол үш түлділікке көшу. Бұл біздің дәуірдің парадигмасы. Ағылшын тілін халықаралық тіл табысу тілі және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың негізгі тілі ретінде тарату ерекше маңызға ие болып келеді, - деді ол. – Жәнеде бұған қоса, 5-ші сыныпқа дейін қазақ және орыс тіліне басымдылық жасау керек. Ал ағылшын тілі – ғаламдық байланыс құралы болуы тиіс. 
Кездесу соңында Қасым-Жомарт ТоқаевКарМУ ұстаздары мен студенттеріне ғылым мен білімдегі жетістіктері үшін Сенат Грамотасы мен алғыс хаттарын табыс етті.