«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцария Конфедерациясы Федералды жиыны кантондар Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі Комитетінің төрағасы Филиппо Ломбардимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Қазіргі кезде Швейцария энергияның тиімділігін арттыру мен жаңа энергия көздерін ашу саласында инновацияны дамыту бойынша көш бастауда, ал Цуг қаласы блокчейндер технологиясының жаһандық орталығына айналып отыр.

Оның үстіне, «Smart-City» жобасын жүзеге асыруда швейцариялық компаниялардың жинақтаған тәжірибелері мол. Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы мен «Smart Almaty» жобасы бойынша жаңа технологияларды енгізуге орай тараптар осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

Айта кетерлігі, Швейцария Қазақстанның үшінші ауқымды шетелдік инвесторы болып табылады. Алматы мен Швейцария арасындағы тауар айналымы оң динамикаға ие. Қалада сауда, медицина, қаржы және басқа салаларда швейцарлық капиталмен 93 кәсіпорын жұмыс істейді.