«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Елбасы қарағанды облысына іс-сапары барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер бойынша жиналыс өткізді. 
Шара Достық үйінде өтті, онда Нұрсұлтан Назарбаев этномәдени бірлестіктердің және қарағандылық қоғаммен кездесті. Елбасының алдында Жезқазған қаласының «Тіл тану» оқу орталығының директоры Ғазиз Ештанаев, «Wooppay» компаниясының жетекшісі Александр Дорошенко, №4 домна пешінің газшысы Елжас Қожахметов, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың математика пәні мұғалімі Екатерина Нипрук, кәсіпкер, «Вираж Сервис» ЖШС өкілі бауыржан Асабеков және 2018-ші жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері әпкелі-сіңлілі Александра және Екатерина Немичтер сөз сөйледі.


Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың бес әлеуметтік бастамалардың, ескірген үйлерді бұзып, олардың орнына жайлы тұрғын үйлер көтеру бойынша тапсырмалардың орындалу барысы, білім және медицина саласындағы даму жайлы баяндамасын тыңдады. 
Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс қарқыны бойынша Қарағанды облысы республика бойынша төртіншіт орында тұрғанын атап айтты, ал қалалану деңгейі бойынша бірінші орынды иеленіп отырғанын тілге тиек етті, бұл жақсы көрсеткіштер. Осыған байланысты ол барлық елді мекендерде әлеуметтік саланы дамыту, мектептер, аруханалар, балабақшалар және басқа да мекемелерді салу қажеттілігінің жоғары екенін айтып өтті. 
Елбасы аймақтың экономикалық дамуына да тоқталды. 
- Ірі «зәкірлі инвесторларды» құрылыс, химиялық және медициналық индустрияға, сондай-ақ металл өңдеу саласына жұмылдыру қажет, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігіне ол ерекше мән берді. Осылайша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калонмен әңгіме барысында Елбасы корпорация басшысы Лакшми Митталға Теміртаудағы ЖЭО-2 жаңғырту қажет екенін жеткізуді бұйырды. Нұрсұлтан Назарбаев қала үшін бұл кәсіпорынның маңыздылығын атап айтты. 
Сонымен қатар ол аймақта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және жасыл технологияларды енгізуге кірісуді тапсырды. 
- Әкімдікке Үкіметпен біріге отырып, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешендік жоспар қабылдауды тапсырамын, - деді Елбасы. 
Мұнымен қосы Қазақстан Презденті Қарағандыны дамыту картасын, аймақта бизнесті дамыту картасын құруды, мемлекеттік қызмет көрсету саласына қазіргі заманғы технологияларды енгізуді, делдалдар санын азайту арқылы сыбайлас жемқорлық қауіптілігін төмендетуді және мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жаңа жобалар құруды тапсырды.