«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Әлия Сапарова, Сергей Симонов, Павел Казанцев, Снежанна Имашева мен Михаил Чирков Ақмола облысының Ақкөл және Целиноград аудандарын аралап, сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

 

Кездесу барысында Әлия Сапарова мен Сергей Симонов Целиноград ауданында орналасқан «Шаңырақ» акционерлік қоғамының өндіріс орындарымен танысты.

«Шаңырақ» компаниялар тобына құс етін өндіретін және егін шаруашылығымен айналысатын өндіріс орындары кіреді. Құс фабрикасында бүгінгі таңда еуропалық үлгідегі жаңа құрылғы қойылған. Мекемеде 600-ден астам адам еңбек етуде. Еңбек ұжымымен кездескен депутаттар Елбасының 5 әлеуметтік жобасының әрбіреуіне нақты тоқталып, шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берді.

«Біздің мақсатымыз - әр сайлаушыға әлеуметтік маңызы зор бастамаларды түсіндіру»,- деді Парламент депутаты Әлия Сапарова.

Халық қалаулылары Михаил Чирков, Павел Казанцев және Снежанна Имашева Ақкөл ауданының орталық аудандық аурханасында болып, мекеме жұмысымен танысып, медицина қызметкерлерімен кездесті.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған аурухана аудан бойынша 26 мыңнан астам адамға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Орталық ауруханада 200-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейді.

Депутаттар аурухана жұмысына оң бағасын беріп, еңбектеріне табыс тіледі.