«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен НАТО-ның басшылығына келуі ықтимал.

Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымының мүшелері Урсула ханымды бұл лауазымға таңдау мәселесін талқылауда. Ұйым мүшелерінің пікірінше, ол дипломаттар арасында зор беделге ие әрі түрлі стратегиялар құруға шебер.

Урсула фон дер Ляен 2013 жылдан бері Германияның қорғаныс министрі қызметінде жұмыс жасап келеді. Бұған дейін ол елдің еңбек министрі қызметінде болған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, НАТО-ның бас хатшысын ұйым мүшелері оның қазіргі басшысы Йенс Столтенбергтің өкілеттілігі аяқталғанда, яғни 2020 жылы таңдайды.