«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Македонияның премьер-министрі Зоран Заев Грекиямен болып жатқан шиеленісті тоқтату үшін бүгінде мемлекет елдің ресми атауын өзгертуге дайын екендігін мәлімдеді.

Елдің атауына байланысты қиындық екі тарапқа да бірнеше жылдан бері қолайсыздық тудырып келеді. Мәселен, Грекияда Македония аталатын облыс бар. Сондықтан, олар республиканың атауын аймақ атауымен шатастырмағанды қалайды. Тіпті осыған байланысты 4-ші ақпан күні 1,5 миллионға жуық адам Афина қаласында наразылық акциясына да шыққан болатын.

Бұл шиеленіс сондай-ақ, Македонияның Еуропалық Одаққа және НАТО-ға мүше болуына бөгет жасауда. Сол себепті, бірнеше жылдар бойы келеңсіздік тудырған жағдайға алдағы уақытта біржолата нүкте қойылмақ.

Ресми деректерге сүйенсек, екі елдің дипломаттары бүгінде Солтүстік Македония, Жоғарғы Македония және Жаңа Македония атауларын қолайлы деп санап отыр.