«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ел билігі шетелден жеткізілетін ет өнімдеріне қатысты талаптарын күшейтті.

Жаңа ережелерге сәйкес, шетелден әкелінетін ет өнімдерінде «халал» белгісінің болуы шарт. Яғни, ет жеткізушілерде Тәжікстанға келерде аккредитацияның болуы міндеттеледі.

Бұндай құжатты берердің алдында тәжікстандық сарапшылар кәсіпорындарға арнайы барып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тексеретін болады.

Ет өнімдері бұл мемлекетке көбінесе Үндістан, Түркия, Ресей және Қазақстан елдерінен жеткізіледі. Ал «халал» стандартын Тәжікстан 2013 жылы енгізген болатын.