«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисарының басқармасы мигранттарды қабылдау жұмысын белсенді етуге шақырды.

«Бүгінгі таңда негізінен Грекия, Италия, Таяу Шығыс немесе Африка елдерінен уақытша баспана тапқан 227 мың босқынды қоныстандыру керек. Баспана іздеп жүргендерді қабылдауға дайын екендіктерін тек бірнеше мемлекет қана жеткізген», - делінген БҰҰ-ның баяндамасында.

Бұндай мәлімдемені аталмыш ұйым Жерорта теңізіндегі бірнеше қақтығыс жағдайларынан кейін 160 адамның із-түзсіз жоғалып кеткендігі хабарланғаннан кейін жасап отыр.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисарының басқармасы қазіргі таңда донор елдерден 2018-2019 жылдары 13 мың адамды қабылдау туралы ұсыныстар түскендігін хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың ішінде Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 171 мыңнан астам мигрант келіп қоныстанған.