«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Американың мемлекеттік департаменті туристерге арналған интерактивті карта құрастырды.

Бұл карта арқылы америкалықтар түрлі елдердегі қауіп-қатер деңгейін бағалай алады. Жаңа градация бойынша мемлекеттер төрт топқа бөлінген.

Ең бірінші топқа сенімді, сақ болудың қарапайым ережелерін сақтау қажет елдер енген. Бұлардың қатарында Беларусь, Өзбекстан, Шығыс Еуропа мен Скандинавия елдері және Қазақстан бар.

Екінші топқа аса сақ болу қажет елдер кірген. Сарапшылар бұл топқа лаңкестік әрекеттердің орын алу қаупі жоғары болғандықтан, Батыс Еуропа елдерін, сондай-ақ, Украинаны жатқызған.

Бармас бұрын әбден ойланып, сапарды жан-жақты талдап алу абзал болатын мемлекеттердің тізімінде Пәкістан, Нигер, Чад, Ресей және Нигерия бар.

Ал аса қауіпті елдердің ішіне департамент өкілдері Иран, Сирия, Ливия, Ауғанстан, КХДР мен Йеменді кіргізіп отыр.