«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бауырлас бұл екі ел арасындағы визалық тәртіп жуық арада алып тасталынады.

Бұл туралы Өзбекстанның туризмді дамыту бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов мәлімдеді.

«Жуырда Өзбекстанның үкімет басшысы Тәжікстанға барды. Онда белгілі бір уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ел президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға сапары барысында келісімге қол қойылатын болады, - деді А. Абдухакимов

Комитет төрағасының сөзінше, уағдаластықтар екі ел арасында жасалатын маңызды қадам болмақ әрі қос елдің тұрғындарына көп септігін тигізбек.

Бұдан бөлек, Өзбекстан мен Тәжікстан елдері алдағы уақытта темір жол және энергетика салаларындағы серіктестікті де нығайтқалы отыр.