«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Үкімет сағатында депутаттар атышулы Kazakh Invest компаниясының нәтижелі жұмыс жасамағанын айтып, компания басшылығын сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

 

Халық қалаулысы Омархан Өксікбаев бұл жолы Kazakh Invest компаниясына қатысты сын айтты. Айтуынша, компанияның құрылғанына екі жылдан астам уақыт өтсе де, мекеме күні бүгінге дейін нәтижелі жұмыс көрсетпеген көрінеді.

 

«Қазақстан 95 халықаралық ұйымға мүше екен. Жыл сайын соларға миллиондаған жарна төлейміз. Бірақ, солардан бізге пайда бар ма, жоқ па? Ол жағын саралап жатқан ешкім жоқ.

 

Өкініштісі, мұндай ұйым мүшелеріне, дипломаттар біздің елге келуіне жағдай жасағанымен, олар үкіметке немесе басқа да мемлекеттік орган есігін аша алып отыр ма? Әрине, бұл мәселені де елеп-ескеретін министрлік пен мемлекеттік орган жоқ.

 

Сол сияқты, елге инвестиция тарту мақсатымен осыдан екі жыл бұрын Kazakh Invest компаниясын құрдық. Екі жыл ішінде, бір басшысын алып тастап, екіншісін отырғыздық. Бірақ, тағы сол бұрынғы әуен, компания құрылды, бірақ нәтиже жоқ.

 

Осы компания басшылығымен елге қандай инвестиция тартылды? Компания екі жыл ішінде елге не берді? Өкінішке қарай, ол жағын да саралап, қорытынды шығарып жатқан ешкім жоқ», - деп күйінді депутат.

 

Мәжілісменнің бұл сөзін, Владимир Божко да құптады. Айтуынша, «елде ведомство көп болғанымен, олардың тиімділігі аз» екен.

 

«Сөзіңіздің жаны бар. Бізде не көп, ведомство көп, алайда олардың, өкінішке қарай, нәтижелілігі аз. Бұл сөзіңізбен толықтай келісемін», - деп өз пікірін білдірді мәжіліс төрағасының орынбасары. 



Дереккөзі: alashainasy.kz