«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгiн Ақордада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кездестi. Кездесу аясында екi ел басшысы шекара мәселесiн реттейтiн маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

 

Бүгiн қос мемлекеттiң басшылары Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы қазақ-қырғыз мемлекеттiк шекарасын демаркациялау туралы келiсiмге қол қойды. Сондай-ақ, қос елдiң үкiметтерi арасында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттiк шекарасының режимi туралы келiсiм бекiтiлдi.

 

Еске салсақ, бүгiнгi кездесуде Назарбаев Жээнбековке Қазақстанның Қырғызстанға ешқашан тiл тигiзiп, жаманшылық жасамағанын айтқан едi. Сондай-ақ, жиында екi ел арасындағы сауда-саттық көлемiнiң артуы да сөз болды. 



Дереккөзі: alashainasy.kz