«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Біріккен Ұлттар Ұйымы еліміздің 26 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын атады.

Дүние жүзінің түкпір-түкпірінің дипломаттары Қазақстанның әлемдегі қазіргі мәртебесіне жоғары баға беріп отыр.

Сарапшылардың айтуы бойынша, еліміздің Президентінің бастамалары халықаралық қауымдастықтар тарапынан қолдау тауып отырады. Олар мемлекетіміздің тәуелсіз ел болып қалыптасқан уақыттан бергі ең зор жетістігі – «елдегі ынтымақтастықты сақтап қалуы және ядролық қарудан бас тартқандығы», - дейді. Бұдан бөлек, аталмыш ұйым өкілдері Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуын зор табыс санап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайланған болатын. Бұл кеңес БҰҰ-ның негізгі саяси органы саналады. Оған мүшелік мемлекетке халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген.