«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей сыртқы істер министрлігі тарапынан "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметі.

 

Марапат Тасмағамбетовке 11 желтоқсан күні РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесу барысында ұсынылды.

 

"Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады", — делінген хабарламада.

 

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып 2017 жылы 3 ақпанда тағайындалған, оған дейін вице-премьер лауазымын иеленген.

Дереккөзі: alashainasy.kz