«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болып қайтты. Ұстаздар және студенттермен кездесу барысында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында қойылған міндеттер туралы айтылды. 
Қасым-Жомарт Тоқаев және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов оқушылар мен қызметкерлерге Қызмет көрсету орталығының жұмысымен және ЖОО жетістіктері көрмесімен танысты. Сонан соң Сенат спикері профессорлық-ұстаздар құрамымен, студенттермен, магистранттар және докторанттармен кездесті.
- Менің Қарағанды облысына жасаған сапарымның мақсаты – Президент Жолдауын түсіндіру. Сөз жоқ, жолдау әлеуметтік сипатқа ие. Сіздердің барлықтарыңыз осы маңызды, әрі тарихи құжатпен танысып шығып, Жолдаудағы негізгі қағидаларды жүзеге асыруға дайынсыздар деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев аудиторияға. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швейцария Конфедерациясы Федералды жиыны кантондар Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі Комитетінің төрағасы Филиппо Ломбардимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Елбасы қарағанды облысына іс-сапары барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер бойынша жиналыс өткізді. 
Шара Достық үйінде өтті, онда Нұрсұлтан Назарбаев этномәдени бірлестіктердің және қарағандылық қоғаммен кездесті. Елбасының алдында Жезқазған қаласының «Тіл тану» оқу орталығының директоры Ғазиз Ештанаев, «Wooppay» компаниясының жетекшісі Александр Дорошенко, №4 домна пешінің газшысы Елжас Қожахметов, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың математика пәні мұғалімі Екатерина Нипрук, кәсіпкер, «Вираж Сервис» ЖШС өкілі бауыржан Асабеков және 2018-ші жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері әпкелі-сіңлілі Александра және Екатерина Немичтер сөз сөйледі.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппараттық жиналыс барысында Президенттің аймаққа іс-сапары барысында берілген Елбасының тапсырмасын орындау бойынша атқарылатын жұмыстар туралы айтты. Әр бағыттар бойынша нақты шаралар құру қажет болады. Олардың жүзеге асырылуын облыс әкімі жеке бақылауға алады. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

“Елбасының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды”, – делінген Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Қазақстан Республикасының жаңа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шымкент қаласының тумасы. Ол 1963 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.