«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Елорда әкімдігінің ресми сайты 6-12 тамыз аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралардың апталық жоспарын ұсынады.

Астананың «Столичный», «Жерұйық», «Студенческий» саябақтары мен қаланың тұрғын үй алаптарында елорданың 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар жалғасын табады. Тұрғын үй алаптарының тұрғындары «Думанды Сарыарқа» концертін жексенбіде сағат 15:00 және 19:00-де тамашалай алады. Ал елорда саябақтарында өтетін «Саябақтың жеті кереметі» концерттерін жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрермен назарына ұсынылатын болады.

6-12 тамыз аралығында Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясы дайындаған «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» және С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» жеке көрмелері, сондай-ақ, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме жұмыс істейді. Экспозицияны сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көруге болады.

Қарағандылықтар неке қию салтанатты рәсімін жаңа және әсем Неке сарайында өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай сыйлықты жерлестеріне кәсіпкер Болат Қожақпаев жасады. Бұл бизнесменнің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі. 
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Ақ сарай» салтанат сарайында болып қайтты. Аймақ басшысы Қазыбек би атындағы аудандық АХАТ бөлімінің қызметкерлері қандай жағдайда еңбек етіп жатқанын қарап шықты. Әкімнің аралауы барысында салтанат залында жас жұбайлардың, алтын және күміс той иелерінің тіркеуі өтіп жатты. Облыс әкімі жанұяларды осындай тамаша мерекелерімен құттықтады. 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның қасиетті жерлері» арнайы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасы мен Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің К. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Мемлекет қорғауындағы Күйгенжар қорғанында қазба жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Институт археологтары екі апта бойы тынымсыз еңбек етіп, зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы жеті қабір ашылып, зерттелген. Археологтар тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандитаты, К. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулинаның айтуынша, жерлеу рәсімі бойынша зираттар жобамен 15-16 ғғ. жатқызылған.

Қарағандыда химик, химия ғылымдарының докторы, ҚазКСРО ҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Молдахметов Зейнолла Молдахметұлына құрмет көрсетілді. Бүгін академик 85 жасқа толып отыр. Мерейтой иесін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құттықтады.

- Сіздің есіміңіз тек Қарағандыда ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша да әйгілі. Еліміздің Президенті сізді ордендермен және мелаьдармен марапаттап, еңбегіңізді жоғары бағалады, - деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде. Ол сонымен қатар ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді. – «Құрметті, Зейнолла Молдахметұлы, шын жүректен Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын. Сіз жас ұрпақты тәрбиелеуде, ғылым мен білімді дамытуда үлкен еңбек сіңірдіңіз. Бүгінде сіздің шәкірттеріңіз құрметті лауазымдарды атқарып отыр. Сізді 85 жылдық мерейтойыңызбен құттықтай келе, зор денсаулық, отбасыңызға аманшылық тілеймін».

Мерейтой иесін құттықтауға сонымен қатар оның достары, танымал ғалымдар, ЖОО ректорлары жиналды.

- Бүгін танымал ғалым, бүкіл Қазақстан мақтан тұтатын Зейнолла Молдахметовтың мерейтойы. Туған күніңізбен! Бізді әрі қарай өз жетістіктеріңізбен қуанта беріңіз. Деніңіз сау және өмір жасыңыз ұзақ болсын, - деді мерейтой иесінің досы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының Академигі Кенжеғали Сағадиев.

Барлық ректорлық құрамның атынан туған күн иесін Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов құттықтады.

- Сіз дарынды ұйымдастырушысыз, ғұлама ғалымсыз, біз сіздің жетістіктеріңіздің алдында бас иеміз. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және барлық жақсылықты тілейміз,- деді Ерқара Аймағамбетов.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов мерейтой иесінің иығына ұлттық шапан жауып, Құрмет грамотасын табыс етті. Зейнолла Молдахметов барлығына құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, облыс әкімі Ерлан Қошановқа осылай ерекше қарсы алғаны үшін рахмет айтты.

Бүгін Қарағандыда сонымен қатар академик Зейнолла Молдахметовтың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қатысушылар Органикалық синтез және көмір химия институтының залында бас қосты.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды. Бұл қорған қазіргі заманғы мегаполистің аумағында сақ дәуірінде де тіршіліктің болғанына дәлел бола алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды. Археологтар екі апта бойы тынымсыз еңбек етуде. Зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы 7 қабір (яғни, ең ертедегі) ашылды. Жерлеу рәсімі бойынша зираттар 15-16 ғғ. жатқызылды.

 Айта кетейік, олар мұсылман дәстүрімен жасалған. Екі моладан әшекейлер табылды, оның ішінде қола сырға мен күміс жіп те бар. Ал қыздың қабірінен неке жүзігі табылды. Ол оны оң қолына киген екен.