«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін аймағымыздың 60 баласы Ақтөбе облысына жол тартты. Оқушылар делегациясын бес жетекші мен екі медбике қоса алып барады. Нұра, Осакаров, Абай, Бұқар жырау аудандары мен Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларынан жиналған балалар Ақтөбенің киелі мекендері мен көрнекті жерлерін аралап қайтады. 
Ақтөбе облысының киелі жерлері картасына «Қобыланды батыр» мемориалды кешені, «Абат Байтақ» қорымы, «Әлия» облыстық патриоттық тәрбие орталығы және т.б. жерлер енген. 

Көптеген айтулы халықаралық байқаулардың гран-при иегері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан алғаш рет ХХ ғасырдағы көрнекті хореограф Ролан Петидің қойылымындағы «Бозбала мен ажал» балетінде басты Бозбаланың рөлін сомдады.

Қойылым аты аңызға айналған биші әрі хореограф Рудольф Нуреевке арналған Tributo a Rudolf Nureyev халықаралық гала-балеті аясында 28 шілде күні біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдан бері сақталып келе жатқан көне римдік амфитеатр, Сполето (Италия) Рим театрының ашық сахнасында өткен болатын. Көрермендерге әлемдік балет жұлдыздарының орындауындағы Р. Нуреевтің репертуарынан бірқатар нөмір ұсынылды.

Елорда әкімдігінің ресми сайты 6-12 тамыз аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралардың апталық жоспарын ұсынады.

Астананың «Столичный», «Жерұйық», «Студенческий» саябақтары мен қаланың тұрғын үй алаптарында елорданың 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар жалғасын табады. Тұрғын үй алаптарының тұрғындары «Думанды Сарыарқа» концертін жексенбіде сағат 15:00 және 19:00-де тамашалай алады. Ал елорда саябақтарында өтетін «Саябақтың жеті кереметі» концерттерін жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрермен назарына ұсынылатын болады.

6-12 тамыз аралығында Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясы дайындаған «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» және С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» жеке көрмелері, сондай-ақ, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме жұмыс істейді. Экспозицияны сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көруге болады.

Атақты жырау, мемлекеттік қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған шаралар Қарағанды облысында жыл бойы жалғасады. Мерекенің негізгі тойлау рәсімі Ботақара кентінде 18-ші тамызда өтеді.
Бұқар жырау мерейтойының ресми ашылу салтанаты Бұқар жырау ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен және «Баба рухына тағзым» атты мерекелік іс-шарасымен басталады. Дала сахнасында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрымен Бұқар жыраудың өмірін көрсететін - «Күміс көмей әулие» театрландырылған қойылымы көрсетеледі.

Қарағандылықтар неке қию салтанатты рәсімін жаңа және әсем Неке сарайында өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай сыйлықты жерлестеріне кәсіпкер Болат Қожақпаев жасады. Бұл бизнесменнің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі. 
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Ақ сарай» салтанат сарайында болып қайтты. Аймақ басшысы Қазыбек би атындағы аудандық АХАТ бөлімінің қызметкерлері қандай жағдайда еңбек етіп жатқанын қарап шықты. Әкімнің аралауы барысында салтанат залында жас жұбайлардың, алтын және күміс той иелерінің тіркеуі өтіп жатты. Облыс әкімі жанұяларды осындай тамаша мерекелерімен құттықтады.