«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгінде Астанада 105 орта білім мекемесі бар, оның 85-і мемлекеттік, 1-і кешкі, 15 жекеменшік, 4-і республикалық маңызы бар мектептер. 

Жаңа оқу жылында Астаналық мектептерде оқушылар саны 160 мыңды құрады, оның 18 мыңы – бірінші сынып оқушысы. 1 сыныпқа қабылдау электронды және қағаз жүзінде жүріп жатыр. 1 маусымнан бастап 16 мыңнан астам өтініш тіркелді. 

Алматыға жақында қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды жаңа мемлекеттік мектеп ашылды, мұнда ерекше білімді қажет ететін балалардың терең әрі сапалы дәріс алулары үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала әкімі Бауыржан Байбек таяуда ғана пайдалануға берілген 1200 орынды мектептің оқушыларымен және олардың ата- аналарымен кездесті.

Жаңа оқу орнында робот техникалары кабинеттері, физика мен химияның арнайы сыныптары, ата – аналардың қонақ бөлмелері, ойын алаңдары және басқалары бар. Мұнда сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілген, сондықтан барлық жабдықтар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға мықтап бекітілген.

Қарағандыда 16 тамыз «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрландыру күні өтті.
Шара Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: «Цифрландыру – экономиканы дамытудың драйвері» дөңгелек үстелі, отандық ІТ-жобалар көрмесі және «Smart city Karaganda» Хакатон. 

Ұлттық музейде Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерейтойына орай «Түркістан жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, сатирик Көпен Әмірбек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов және Ұлттық музей қызметкерлері қатысты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласының халықаралық әуежайынанқажылыққа аттанғандардың соңғы легін шығарып салады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпаратынша, отандастарымыз Астанадан бөлек, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Жидда, Мәдина шаһарына ұшуда. Әуе рейстерін Қазақстан тарапынан отандық «Scat», Сауд Арабия Корольдігінен «Flynas» әуекомпаниялары ұйымдастырады. Ұшу уақыты 5-6 сағат. Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі бөлген 3000 квотаға визалар толық шықты.