«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Міне, бес жыл қатарынан 2013 жылдан бастап Қазақстанда Отбасы күні аталып келеді. Ол күздің алғашқы айындағы екінші жексенбіде мерекеленеді. Бұл мейрам әр азамат үшін ғана емес тұтастай еліміз үшін маңызды. Отбасы әркім үшін сүйеніш, берік қамал. Елордада қоғамның жаңа ұяшығын құрудың соңғы тенденциялары туралы Астана әкімдігі ресми сайтының редакциясына АХАТ қызметкерлері айтып берді.

2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындыларына сәйкес елордада 5454 неке тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген неке саны 4960-ты құрады. Осылайша, Астанадағы жас отбасылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқанын байқауға болады.

«Астана Балет» театры Миланда мазмұнды әрі жарқын бағдарламасын көрсетпек. 2018  жылғы қыркүйектің 9 мен 10 күндері театр труппасы тарихи Миланның қақ ортасында орналасқан «Teatro Nuovo» сахнасында өнер көрсететін болады. Театр гастролі Мәдениет және спорт министрігінің мұрындық болуымен, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.  

Қарағандылық музыкалық комедия театры 7-ші қыркүйекте 46-шы театр маусымын ашады. Көрермендерге венгерлік композитор Лайош Лайтаидің «Лето любви» опереттасын көрсетеді.

8 қыркүйекте сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің алаңында Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылы шеңберінде өзбек гастрономиялық және ұлттық асханасының көрмесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

Көне шығыс азиялық темір мәдениетін зерттеу орталығының директоры, Эхимэ университетінің (Мацуяма қ.) профессоры Ясуюки Мураками Қарағанды облысындағы халықаралық археологтар симпозиумына қатысуда. Форумда жапондық ғалым Қазақстан, Ресей және Алтайдағы темір балқыту туралы өзінің зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.