«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Өміркелді Әбеуовтың бірегей суретті кілемдер жеке көрмесі ашылды. Биылғы жылы шебер 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. 
- Өміркелді Әбеуов Балқаштың тумасы. Ол әсемдік-қолданбалы өнермен айналысады, өзінің шығармашылық өмірін суретті кілемдер жасауға арнаған. Балқаш тарихи-өлкетану мұражайында әсемдік-қолданбалы өнер студиясын жүргізеді. Сонымен қатар суретші өз қолымен станоктар жасайды, - дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі Бибігүл Құдабавева. – Ол өтте дарынды, бірақ қарапайым, ақжарқын адам. Бүгін суретшінің туындылары ілінген біздің залымыз гүлденіп кеткендей. Мұнда бірер сәттерден соң даланың әуендері ойнап, ұлттық ойын ойнаған адамдардың сыңғыр күлкісі естілетін секілді. 

«Жастар есірткіге қарсы» акциясының шеңберінде өтетін веложарысқа спортшылар, студенттер мен мектеп оқушылары жиналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оған жүзге жуық адам қатысты. Веложарысқа қатысқысы келетіндердің барлығына ешқандай шектеу қойылмады, ал көлігі жоқтарға Алматы ауданының әкімі прокатқа тегін велосипед беруді ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау.   «Бүгін көптеген балалар мен тіпті ересектер өзінің велосипедімен келіпті. Мұндай шаралар аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен тұрақты түрде өтіп тұратын болады», - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15744

Қарағанды облысының әкімі Нұра ауданына іс-сапары барысында Ізенді ауылында болып қайтты. Ерлан Қошанов ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекетті, «Қазпошта» филиалын аралап шықты. Сондай-ақ жергілікті кітапхананың жұмысымен де танысты.

-Бізде 400-ге жуық тұрақты оқырмандарымыз бар, оның 120-ы – оқушылар. Біз жұмысымызды бірнеше бағыттар бойынша реттеп қойдық. Балалармен, мемлекеттік қызметкерлермен, кәсіпкерлермен және ауылдың барлық тұрғындарымен жұмыс жасаймыз, - деді Ізенді ауылының кітапхана директоры Сүлеймен Жұмабеков.
Облыс әкімі кітап қорының жағдайы және жастар мұнда қаншалықты жиі келетіні туралы сұрады. Директордың айтуынша, оқушылар – кітапханаға жиі келетін қауым. Олар сонымен қатар кітаптарды кітапханаға өздері келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеткізуге көмектеседі.

28 қыркүйек күні «Қазақстан» концерт залында «Самғау» атты ерекше концерттік кеш өтті. Сахнада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен сүйікті қазақ әндері шырқалды. Концертте классикалық және эстрада әншілері көңілдің ырғағын дөп басып, қазақ әндерін әуелетті. Олардың қатарында Рүстем Нұржігітов, Шаба Әденқұл, Ғалымжан Молданазар, Сырымтай Еңсепов, Жұбаныш Жексенұлы, Жәния Әубәкірова. Композиторлар мен ән әрлеушілер: Данияр Бержапраков, Илья Башкатов, Ренат Гайсин, Сәтжан Шәменов, Шырын Базарқұлова сияқты әншілер де болды. Бала кезден көкейге жатталып, құлақта тұнып тұрған әндер оркестр мен хордың сүйемелдеуінде жаңаша ритмде орындалды. Концерттің бағдарламасына әр ғасырдың әуендері енген: халық шығармашылығы, 18-19 ғасырлардағы жыраулық өнер, кеңестік кезеңнің музыкасы,  20-21 ғасырлардағы композиторлық мектебі және қазіргі заманғы поп-музыка. Жаңа әрлеуде белгілі әндер: «Айбозым», «Өз елім», «Бақыт құшағында» айтылды. Музыканттар көрермендерді танго және гитара ырғағымен таң қалдырды. Музыкалық жанрлар арасындағы шекараларды бұзу композиторлар мен музыканттарға шығармашылық және эксперименттер үшін шексіз мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15736

Астанада қазақтың Бас қолбасшысы батыр Бөгенбайдың ескерткішіне гүл қою салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.   Іс-шара «Қазақ батырларының өмірлеріне шолу» атты тақырыптық кештердің бір бөлігі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.   Шара «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары әскери сап түзеп Бөгенбай батыр ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Бас қолбасшы Бөгенбай батырды еске алу ұрпақ тәрбиесі, ел тарихын ұлықтау және мәңгі есте сақтау.