«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Шаңырақтың баянды болуын, ортадағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың сарқылмауын місе тұтады. Мұның кілті – Жаратушымен болған жақсы қарым-қатынаста. Себебі, барлық істің Басқарушысы – Алла, жүректердің Иесі – Алла.

Қазақтың классик ақыны Қадыр Мырза Әлидің әдебиетімізге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның Олжасты қазақша сөйлеткеніне барша қазақ жұртшылығы жақсы біледі. Қазақ оқырмандары Олжастың отты жырларын Қадыр ақынның аудармасында жиі ұшыратады. Алайда, кешегі ғасырдың соңғы ширегінен бүгінгі күнге дейін Сүлейменовті қазақша сөйлеткісі келген ақындар көбеймесе азайған жоқ.

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның жеке өмірі әлеуметтік желілерде талқыланып жатқанына біраз болдыы. Қос ғашықты Баянның болашақ қайын атасы Тұрым Алагөзов қолдады.

Белгілі композитор өзінің жеке парақшасында жазба қалдырған. Бұл жазбадан соң оның ұлын отбасын тастап кетті деп айыптағандар арта түсіп, желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырған."Бір айтарым: Ұлым не бүлдірсе де, бұл - оның шешімі. Мен оның шешімін үнемі қолдайтын боламын. Ол - менің ұлым, сондықтан мен тек ұлыммен біргемін. Осыны есте сақтаңыз. Тіпті оны елдің бәрі сөгіп жатса да (оларға түкіргенім бар), мен оның жанында боламын. Алагөзовтер бір-бірін ешқашан сатпайды. Заң оның жағында болмаған күннің өзінде солай болып қалады. Ал менің ұлым болса, заңға қайшы ешнәрсе істеген жоқ", - деп жауап берді ол өзін сөккендерге. 

Жиырмадан асқан соң әрбір қызды тұрмысқа шығу туралы ой мазалай бастайды. Кейбірі ерте теңін тауып кетсе, енді бірі «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсынысты ұзақ күтеді.  Психологтардың пайымдауынша төмендегі 10 типтегі қыздарға жігіттер оңайлықпен ұсыныс жасамайтын көрінеді. Сонымен олардың қатарында қандай қыздар бар екенін бірге көрейік.
1. «Актриса» типтегі қыздар 

Жо-о-оқ, бұл жерде мамандықты айтып тұрғанымыз жоқ, «Актриса» деген типке жататын сылқымдарды меңзейміз. Олардың шамадан тыс қылықтары мен жұмбақтары болады. Ол ешкімге ұқсамайтын бір рөлге кіріп алады және оны үнемі өзгертіп тұруы да мүмкін. Ал ер адамның миы салмақ түсіретін ойды ойлағысы келмейді.
2. "Шығармашылық" типтегі қыздар
ұл жердегі «шығармашылық» сөзі жұмысқа емес, мінезге байланысты айтылып тұр. Бұндай сұлулар өзінің көзқарасы мен тілегін минут сайын ауыстырғыш болып келеді. Өздері нақты шешім қабылдай алмайды. Мұндай әйелдердің жанында ер адам әрі қарай не болатынын білмейді. Мұндай қылық оның психикасына әсер етіп, мазасын алады. «Білгіштер» типі
3. "Білгіштер" типіндегілер
Бұл типтегі қыздар ер адам нені қалайтынын жақсы біледі. Олар жігіттермен қарым-қатынас туралы барлық кітаптар мен тренингтерге қатысқан. Бұндай қыздар кез келген тақырыпта әңгіме айта алады және өзінің пікірі қалыстасқан. Ал осындай қыздармен кездескен ерлер өзінің зеректігіне күмәнмен қарай бастайды. Сондықтан түбінде қашқанды жөн санайды.
4. «Пьеро» типі
Пьеро, яғни өз өміріне көңілі толмайтын жандар. Барлық өмірі мұн, мүсіні келіспей қалған, мансапта жолы болмаған, тіпті ауа-райына да наразы болып жүреді. Бүкіл өмірін апатия, дипрессиямен өткізеді, бір сөзбен айтқанда өмірін өзгертуге құлшынысы жоқ қыздар. Еркек-психотерапевт емес, қорған болатын адам. Мұндай қызбен араласа бастаған жігіттер бірден құтылуға тырысады екен.
5. «Тәуелсіз» қыздар
Бұл қыздар жалғыздықтан қорықпайды. Сүйікті адам кездессе қарсы емес, ал кездеспесе жалғыс өмір сүріге де болады деп ойлайды. Тіпті бұл типтегі қыздардың кейбірі үйінде үнемі бір жігітті көруді құп санамайды. Бір жігітпен танысса, болашақта мүмкін бұдан да жақсысы кездесіп қалса… деген оймен жүреді. Бұл қыздар жігіттердің бір рамкадан шықпауын, мінсіз еркектің рөлінде болуын қалайды. Сонымен қатар, сөзінде жалғыздықтың жақсы екенін айтып отырады. Ал жігіттер олардан қорқады. 

Дереккөз: massaget.kz

Қажетті заттар: 1 стақан дақыл, 2 стақан су, тұз татымына қарай, бұрыш өз қалауыңыз бойынша татымына қарай. 1-қадам: дәнді түбі қалың кастрлюльге салып, қыздырып алу; 2-қадам: Су құйып, бір қайнатып алып, отты басып қою. 3-қадам: су әбден сарқылғанша баяу жанған отта қайнату. 4-қадам: дақыл бүкіл суды өзіне сіңіріп алған кезде, отты сөндіріп, дәнді біраз уақыт (10-15 минут) қойып қою. Кастрюльді орамалмен бүркеп қоюға да болады.