«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

12-13 қазанда Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Биыл онда ел бойынша 153 компания қатысуда, оның ішінде 9 қарағандылық компания. 
Дәстүр бойынша марапаттау үш номинация бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары».
Әр санатта Қарағанды облысын үш компания ұсынады. Өндірістік мақсаттағы үздік тауар аталымында «Maker» ЖШС - құю-машина жасау зауыты, «Recycling Company» қоқыс өңдеу зауыты мен металлургия және кен шахталарының жабдықтарына бөлшектерді өндірумен айналысатын «Инкар - I» зауыты өз бақтарын сынайтын болады. 

Астанада жыл сайынғы «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Биыл байқауда бес номинация бойынша дарынды жастар бәсекеге түспек. Атап айтқанда, «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика». Үстіміздегі жылы байқау 5-9 қараша аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Онда 16-35 жастағы үміткерлер күш сынасады.

Қарағандыда «Кітап.Жаңа фомат» буктрейлер және «Туған өлкемді мақтан тұтамын!» атты эссе сайыстарының жеңімпаздарын марапаттады. Сайыстарды ұйымдастырушы - биыл өзінің 65 жылдығын атап өткен Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы. Сайыстарға облыстың кітапхана оқырмандары мен кітапханашылары қатысты.

Буктрейлер — бұл кітап жайлы көркем тілде баяндайтын қысқаша бейнебаян. Мұндай бейнебаяндардың мақсаты –жаңа шыққан кітаптарғажарнама және кітап оқуды насихаттау, кинолардың трейлерлеріне ұқсас бейнебаяндар арқылы кітапқа деген қызығушылықты тудыру.

Бүгін әкімдікте Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қала активімен бірге ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Әкімнің айтуынша, қазіргі Жолдаудың маңызы мен құжаттың мазмұны, әзірленген және салыстыра тексерілген бағдарламалық құжаттар - «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының логикалық жалғасы бола білді.

Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы 65 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағыларға қызмет көрсету бөлімінің таныстырылуы, жас оқырмандардың Қазақстан жазушыларымен кездесулері және дөңгелек үстел ұйымдастырылды.