«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Шымкенттік ұстаздар латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты ойларын ортаға салды. Білім саласы қызметкерлерінің бас қосқан семинарда латын әліпбиінің соңғы нұсқасын кеңінен талқыланды. Бұл үлгінің тиімділігі диаграфтың болмауында, яғни «бір әріп - бір дыбыс» талабы сақталып отырғандығы көңіл қуантады дейді ұстаздар қауымы. Сонымен қатар, өңір педагогтерінің пікірінше, апострофпен жазу еш қиындық туғызбайтынына сенімді.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның мұғалімі Марфуға ӘБУТӘЛІПҚЫЗЫ:

- Қоғамның әрбір тынысымен тыныстап отырған ұстаздар қауымының бірі әрі өзім тіл маманы болғандықтан,әліпби ауыстыру мәселесіне бейжай қарай алмадым. Бұл - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға деп санаймын. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен, ерекше мән бере қарағанымыз жөн деп білемін. Латын әліпбиін үйреніп алу да аса қиындық туғыза қояды деп те ойламаймын.

Оған қоса, ғалымдардың пікіріне сүйене баяндама жасаған ұстаздардың пікірінше, бұл халықтық шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты екен. Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түркі әлемімен байланысы одан әрі арта түсетінін де қадап айтуда.

Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гиназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күлмира АСАНҚЫЗЫ:

- Бүкіл қоғам болып талқылап жатырған мәселені білім ұясының ұстаздар қауымы мен мектеп шәкірттері «дөңгелек үстелде» талқылаған тұста, жастарымыздың осы мәселеге қатысты айтқан ұтымды да тұщымды ойлары менің жаныма алаш рухын сезіндіргендей болды.Жалпы айтқанда, латын әліпбиіне көшу біздерді өркениетке жетудің тиімді әрі оңтайлы жолына жетелейтіндей көрінеді.

Айта кетейік, 9 қазан күні Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездескен болатын. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды. Ескерке кететіні, бұл ұсынылған соңғы үлгі.