«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жүрінов, қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есім, жазушы, публицист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алдан Смайыл, Бұқар жыраудың ұрпағы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қабдулсамих Айтқожин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры Аманжол Әлтаев, сондай-ақ Түркия, Үндістан, Ресей және Қазақстанның басқа да ғалымдары қатысты.

- Өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Президент Ұлы даламыз әлемге көптеген саңлақтар тобын сыйлағанын айтады. Және солардың қатарында Бұқар жырау да бар. Бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференция бізге Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Ендігі біздің басты міндетіміз – ғұлама ойшылдың есімін құрметтеп қана қоймай, оның мирасын сақтап қалу, - деді Ерлан Қошанов конференцияның ашылу салтанатында. 
Облыс әкімі биылғы жылы Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған шаралар көптеп ұйымдастырылғанын айтып өтті. Басты мерекелік шара Бұқар жырау ауданында тойланды. Облыс тұрғындарына Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жеке құттықтауын жолдады. 
Бүгінгі конференцияға қатысушылар Бұқар жыраудың мұрасына арналған тақырыптарда баяндамалар оқыды. Үндістаннан келген қонақ Пунит Гаура «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Бұқар жыраудың шығармашылығы туралы өз тезистерін келтірді. 
- Барлығымызға белгілі Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады және елдің болашағына, қоғамдық сананың жаңғыруына өз көзқарасын білдірді. Ғұлама қазақ ақыны және мемлекеттік қайраткері Бұқар жыраудың мерейтойы аясында оның қоғам мен ұлтты дамытуға қосқан үлесі жайлы білген маңызды. (…) Президент Қазақстанда жаңғырту мен жаңа идечлардың көмегімен жарқын болашақ құруға ерекше тарихи мүмкіндік бар екенін атап өтті. Мен қазақстандықтар, оның ішінде жас ұрпақ бұл жаңғыртудың маңыздылығын түсінетініне сенімдімін. Осы негізде түрлі аймақтар мен облыстардан жиналған «Қазақстанның 100 тарихи тұлғасы» жобасы да құрылуы мүмкін, жәнеде Бұқар жыраудың әдебиеті аталмыш жобаны құру кезінде маңызды материал болуы әбден мүкін, деп атап өтті Пунит Гаура. 
Бұқар жыраудың ұрпағы Қабдұлсамих Айтқожиннің пікірінше, ұлы жыраудың шағырмашылығы – ол қазақ халқының энциклопедиясы. 
- Ол ұрпақтар арасындағы байланыс рөлен атқарады. Жәнеде бұл тұрғыда Бұқар жырау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырумен және Президентіміздің ұлттық тарихымыздың жеті қыры туралы мақаласының мазмұнымен жақсы үйлесім тауып отыр, - дейді Бұқар жыраудың жетінші ұрпағы, жиеншары болып табылатын Қабдұлсамих Айтқожин. 
Оның айтуынша, Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі туралы білер дүние жетерлік: «Бұқар жырау мен Абылай ханның қарым-қатынасы әлі де жақсы зерттелмеген. Бұқар жырау оның тек кеңесшісі ғана емес, досы болған».
Конференцияның қорытындысын жасай отырып, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. 
- Біріншіден, біз Бұқар жыраумен байланысты тарихи сәттер мен оның өмірі туралы ғана айтумен шектелмеуіміз қажет. Оның тұлғасынажаңа көзбен, жаңа идеялармен қарайтын уақыт жетті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біздің ғұлама қайраткерлеріміздің өмірі туралы барлық деректерді жинау қажеттілігі туралы айтылған. Осыған орай Президент «Мұрағат-2025» жеті жылдық бағдарламасын құруды тапсырды. Мүмкін Бұқар жұрау туралы тарихи айғақтар ұшан-теңіз шығар, жнеде ол құжаттарды Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қытай және Үндістанның мұрағаттарынан табуға болатын шығар. Екіншіден, Бұқар жырау түгелдей қазақ халқы, тарихымыз үшін айрықша тұлға болып табылады. Сондықтан, келешекте Бұқар жырау институты пайда болуы мүмкін деп ойлаймын. Ғұлама ойшылдың мұрасын зерттей келе жас ұрпақ өз халқының тарихын зерттей алатын болады. Сананы, тарихты және руханиятты жаңғырту осыдан басталады. Сенімді болашақ өз тарихын, ұлы қайраткерлерін білетін, жәнеде оларды жас ұрпаққа үлгі ететін мемлекет қана қол жеткізе алады, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.